2023 жылдың 15 мамырында өрт және табиғи (апат), төтенше жағдай кезінде мектеп әкімшілігі, мектеп оқушылары, мектеп жұмыскерлерінің әрекеттері тексерілді.
Тексеру барысында:
Сағат 07.15 да мектеп қызметкерлері мен оқушылардың күдікті затты анықтаудағы әрекеттерін тексеру мақсатында мектеп ауласына күдікті зат деп есептелетін иесіз қара сөмке қойылды, жаттығы 10 мин аралығында сәтті аяқталды;
Сағат 09:00 кезінде 3 қысқа қоңырау соғылып террористердің білім беру ұйымына шабуыл жасаудағы іс-қимыл жаттығулары жасалынды, жаттығу 3 мин уақыт алды.
Сағат 09:06 кезінде 1 ұзақ қоңырау өрт дабылы соғылды, мектептің әр қосалқы есіктерінде кезекші мұғалімдер болды. Мектеп оқушылары саналы, жинақы және тез қимылдады, барлық қызметкерлер де сыртқы алаңға жиналды. Мектеп 3 минутта толық алаңға шықты.Мұғалімдер оқушыларын түгендеп, есеп берді.
Жаттығуға І ауысым 265 оқушы, 31 педагогтер, 7 қіші қызметкерлер қатысты.Тексеру барысында: