«Оқушыны тәрбиелеу мен әлеуметтендірудегі мектеп пен отбасының бірлескен қызметі» тақырыбында сынып жетекшілерінің ӘБ отырысы өтті.
2023 жылдың 06 ақпанда "№5 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де «Оқушыны тәрбиелеу мен әлеуметтендірудегі мектеп пен отбасының бірлескен қызметі» тақырыбында сынып жетекшілерінің ӘБ отырысы өтті. Отырыста келесі мәселелер қаралды:
1. Қазақстан патриотизмі және азаматтық тәрбие бойынша жүргізілген жұмыстар есебі. Нуржанова К.С.
2.Оқушыны тәрбиелеу мен әлеуметтендірудегі мектеп пен отбасының бірлескен қызметі. Какенова А.Т.
3.Ата-аналар жиналысын қалай ұйымдастыруға болады ? Нуржанова К.С
Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі отырысында Какенова Айдана Талгатовна қысқы мектеп аясында өткізілген "Кәсіби өсу мектебі" курсында алған білімдерімен бөлісті. «Мектеп – оқушы – ата-ана» дейтін үш тұғыр бірігіп жұмыс істегенде, оқушылар арасында əлеуметтік жағдайға байланысты бөлініс мəселесі туындамайтындығы айтылып, сынып жетекшілермен топтық жұмыстар жүргізілді.
Дата: 7.02.2023, 1:52 Автор: №5 ОМ