17.11.22 күні өрт төтенше жағдай кезінде қолданылатын тексеріс дайындығы өткізілді.
Қарағанды облысы Балқаш қаласы білім бөлімінің “ №5 жалпы білім беретін мектебі” КММ-де 17.11.22 күні өрт төтенше жағдай кезінде қолданылатын тексеріс дайындығы өткізілді.
Мектеп әкімшілігі,мектеп оқушылары, мектеп жұмыскерлерінің әрекеттері тексерілді. Тексеру барысында:
Сағат 12:00 кезінде өрт дабылы соғылды, мектептің
әр сатысында кезекші мұғалімдер болды. Мектеп оқушылары саналы,жинақы және тез қимылдады, барлық қызметкерлер де сыртқы алаңға жиналды. Мектеп 3 минутта толық спорт зал алаңына жиналды.Сынып жетекшілер оқушыларын түгендеп, есеп берді.Мектеп мұғалімдеріне, қызметкерлерге қосымша түсіндемелер жүргізілді.
Тексеріс барысында қауіпсіздік ережелері сақталып,дайындық ойдағыдай өтті.
Дата: 20.11.2022, 2:53 Автор: №5 ОМ