Размер шрифта:

Поездка в библиотеку 19 сентября классный руководитель дошкольной группы Тойшыбекова Г. 19 сентября привела своих воспитанников в библиотеку КГУ «Общеобразовательная школа № 5» Балхашского городского отдела образования.

Поездка в библиотеку 19 сентября классный руководитель дошкольной группы Тойшыбекова Г. 19 сентября привела своих воспитанников в библиотеку КГУ «Общеобразовательная школа № 5» Балхашского городского отдела образования.

Кітапханаға саяхат
Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасына мектепалды даярлық тобының сынып жетекшісі Г.Тойшыбекова 19 қыркүйекте оқушыларын кітапханаға саяхатқа әкелді.
Мақсаты: Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың жасалу жолы туралы түсінік беру.Кітапты сүйіп оқуға тәрбиелеу, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Талап қыл артық білуге,
Артық білім кітап,-
деп Абай атамыз айтқандай ілім - білімнің сарқылмас қазынасын кітаптан аламыз. Мектеп кітапхана меңгерушісі К.Махашова кішкентай бүлдіршіндерді кітапхана ережесімен таныстыра отырып,ертегі кітаптарға шолу жасады. Ертегі кітаптар мен балаларға арналған журналдармен таныстырды.Баланың жастайынан кітаппен дос болып,кітап оқуды кішкентай кезден бастаған дұрыс. Қолға ұстаған кітапты ұқыпты ұстап,оқыған кітаптардың қысқаша мазмұнын жазып отыруды әдетке айналдыру керектігін айтты.
«Кітапхана» ғасырдан ғасырға адамзат баласының тарихи жолынан адастырмай, жетелеп келе жатқан шырағы, биік парасаттылық пен даналықтың киелі ордасы. Кітапхана ісі – еліміздің мәдени саласы ретінде ақпараттық білім беру және мәдени ағарту қызметінің жемісі болып табылады. Кітапхана –оқырман үшін үлкен тәрбие мекені. Сондықтан кітапхананың кітап оқуға құштар оқырмандары көбейе берсін!

Дата: 27.09.2022, 9:48 Автор: СШ №5