Жалпы білім беретін №5 мектебінде 1 қыркүйек – Білім күнін және «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында салтанатты жиын өтті.

Жалпы білім беретін №5 мектебінде 1 қыркүйек – Білім күнін және «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында    Балқаш қаласы  білім  бөлімінің  әдіскері  Мухаметжанова Жайнагул Саденовна, «Шапағат » әкелер  кеңесінің  төрағасы   Кәрім Нұрдос Маратұлы және ата-аналар  шақырылды.  Салтанатты  жиында  мектеп  директорының  міндетін  атқарушы  Балапанова Гаухар Жасымбековна  бүлдіршіндерді құттықтау сөзімен бастап,  жаңа  оқу жылындағы  өзгерістерге   тоқталды. Мектеп табылдырығын аттағалы тұрған жас  бүлдіршіндер тақпақтарын айтып ,өнерлерін  көрсетті. Салтанатты  жиын   аяқталғаннан  кейін білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау мақсатында «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақұырыбында  барлық  сыныптарда  сынып  сағаттары  өткізілді.

Whats-App-Image-2022-09-08-at-18-48-25 Whats-App-Image-2022-09-08-at-18-48-26 Whats-App-Image-2022-09-08-at-18-48-27 Whats-App-Image-2022-09-08-at-18-48-28

Дата: 12.09.2022, 16:33 Автор: №5 ОМ