«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті.
25.05.2022 күні Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ -де сағ.10.00-де мектеп түлектеріне арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті.Салтанатты жиыныннң негізгі мазмұныда Қазақстан Республикасының Рәміздеріне 30 жыл, Ахмет Байтұрсынұлының туғанына -150жыл, туған қаламыз Балқаш қаласына 85-жыл толу атаулы мерекелер аталып өтті. Салтанатты жиыннның ресми қонақтары ретінде Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Беркенов Еркен Ержигитович, қалалық білім бөлімінің әдіскері Мухаметжанова Жайнагул Саденовна шақырылды.
Жалпы салтанатты жиынға мектеп ұжымы, ардагер ұстаздар, жоғары 11 сыныптың ата- аналары 10 сынып оқушылары және мектептің Қамқоршылық кеңесі төрағасы Кайпбергенов Бахытбек Кымыранович, ата-аналар комитетенің төрайымы Кудайбергенова Раушан Толегеновна, Касымова Қаракөз-айым Арсеновна, Хамзина Кымбат және «Шапағат»әкелер кеңесінің мүшесі Касенов Ермурат Жумагалиевич қатысты. «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынның І бөлімінде мектеп директоры құттықтай отырып, мектеп бітіруші түлектердің жетістіктеріне баса назар аударды,түлектерге ҰБТ-ны жоғары дәрежеде тапсыруына тілегін білдірдірді.Шақырылған қонақтарға сөз берді. Мектеп түлектерін Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Беркенов Еркен Ержигитович құттықтауында жас үлектерге, ата- аналарға жылы лебізін білдірді. Жас түлектер өз өнерлерімен қоса, мектеп ұстаздарына алғыс білдіре отырып, соңғы рет сыңғырлатып қоңырауларын соқты. Биылғы оқу жылында 10 түлек бітірді. Соңынан естелік суреттерге түсті. Түлектердің соңғы қоңырау салтанаты әсерлі болды.






Дата: 28.05.2022, 14:01 Автор: №5 ОМ