Размер шрифта:

17.05.2022ж күні сағат 16.00-де zoom платформасында 1-11 сыныптардың ата-аналарымен, Қамқоршылық кеңесі ,әкелер кеңесінің төрағасы , аналар мектебінің мүшелерімен бірлескен ата- аналар жиналысы өткізілді.

17.05.2022ж  күні  сағат  16.00-де  zoom  платформасында  1-11 сыныптардың  ата-аналарымен,    Қамқоршылық  кеңесі ,әкелер  кеңесінің  төрағасы , аналар  мектебінің мүшелерімен  бірлескен  ата- аналар  жиналысы  өткізілді.
Күн тәртібінде:
1.2021-2022 оқу жылындағы қорытынды аттестаттау туралы
2. «Жазғы мектеп-2022» жұмыстарын ұйымдастыру
3.Мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы лагердің жұмысын ұйымдастыру
4.2022-2023 оқу жылына бекітілген мектеп формасына қойылатын талаптар
5.Жазғы демалыс кезіндегі балалар қауіпсіздігі туралы
6. "Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі" «Шапағат»әкелер кеңесінің төрағасы Н.Кәрім
7 . «Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» «Кәусар бұлақ»аналар мектебінің төрайымы Шаймерден А.М
Ибраева А.С 2021-2022 оқу жылындағы қорытынды аттестаттау емтихандар кестесі,таңдау пәндері,өткізілетін уақыты,кезекшілік кестесі т.б туралы толық ақпарат беріп өтті.
«Жазғы мектеп-2022» жұмыстарын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы «25» сәуіріндегі
№ 246 бұйрығы Жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар негізінде жазғы мектепте оқыту: 1-8,10 сыныптағы білім алушыларға;9-сынып бітірушілерінің қалауы бойынша сабақтар өткізілетіндігі және 2022 жылғы 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылатындығы туралы ақпарат беріп өтті.
Мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы лагердің жұмысын ұйымдастыру бойынша А.К.Шакижанова толық ақпарат беріп өтті.
2022-2023 оқу жылына бекітілген мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 шiлдедегi № 296 бұйрығымен толықтыру енгізілгендігі туралы айта келе, 2022-2023 оқу жылында мектеп формасымен барлық оқушылар қамтылу керектігі туралы айтылды. Жазғы демалыс кезіндегі балалар қауіпсіздігі туралы Касенова А.С ата-аналарға жазғы демалыс уақытындағы балалардың қауіпсіздігін бақылауды күшейту керектігі туралы түсіндіріп өтті.
«Шапағат»әкелер кеңесінің төрағасы Н.Кәрім "Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі"тақырыбында ата-аналармен жүргізілген жұмыстарға тоқталып өтті. «Кәусар бұлақ»аналар мектебінің төрайымы Шаймерден А.М «Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» тақырыбында жыл бойы қыз балалармен және аналармен жүргізілген жұмыстардың есебін берді.
Дата: 19.05.2022, 15:48 Автор: №5 ОМ