Размер шрифта:

Балқаш қаласының 85 жылдығы, «Балалар жылы» және қазақ лирикасының шебері Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған «Сыршыл ақын-Сырбай» атты қала мектептері арасында өткен, мәнерлеп оқу сайысына Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білі

Балқаш қаласының 85 жылдығы, «Балалар жылы» және қазақ лирикасының шебері Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығына орай  ұйымдастырылған «Сыршыл ақын-Сырбай» атты қала мектептері арасында өткен, мәнерлеп оқу сайысына Балқаш қаласы  білім бөлімінің  «№5 жалпы білі
22.04. 2022 ж  «Балқаш қаласының  мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ -нің, «Балқаш қаласының  тілдер орталығы» КММ, Балқаш қаласының 85 жылдығы, «Балалар жылы» және қазақ лирикасының шебері Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығына орай  ұйымдастырылған «Сыршыл ақын-Сырбай» атты қала мектептері арасында өткен, мәнерлеп оқу сайысына Балқаш қаласы  білім бөлімінің  «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің  8 «Ә» сынып оқушысы Абельдинова Дильназ және 8 «А» сынып оқушысы  Жұмағұлова Дильназ   қатысты. Жетекшілері: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, Имангалиева Жанылган Муратовна, Адамбаева Бақытгул Тарыбаевна.
  Сайыстың қорытындысы бойынша, 8 «Ә» сынып оқушысы Абельдинова Дильназ бас жүлдені жеңіп алып, бағалы сыйлықпен, дипломмен марапатталды. Дильназ сыршыл  ақынның «Соғыстан қайтқан солдаттар» өлеңін мәнерлеп оқу барысында, Болат Мәнсүр, Өнербек Нұржан, Құдайберген Қадыр  сияқты өнерлі оқушылар хабарсыз кеткен жауынгерлердің рөлін көрініспен сомдап, сайыстың ажарын кіргізді.
 8 «А» сынып оқушысы Жұмағұлова Дильназ ақынның «Қазақ тілі» өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіре орындап, II дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
  Осындай тағылымы мол сайысты ұйымдастырған Тілдер орталығының ұжымына, белсене қатысқан оқушыларға, қолдау білдірген ата-аналарға, өнерлі оқушыларды дайындаған мұғалімдерге алғысымыз зор.
Дата: 27.04.2022, 16:24 Автор: №5 ОМ