7 сыныпта мектеп мұражайында «Гүлдене бер туған қалам- Балқашым! атты танымдық сағат өткізілді.
11 сәуір күні Балқаш қаласының 85 жылдық мерейтой аясында 7 «Ә» сыныбымен мектеп мұражайында «Гүлдене бер туған қалам- Балқашым! атты танымдық сағат өткізілді. *Танымдық сағаттың мақсаты*: Балқаш кентінің тарихы, құрылысы, оның бас өндіріс орны тау-кен іргетасының қалануы үрдісі жайлы, сондай-ақ табиғи ерекшеліктері, байлығы жөнінде және 85 жыл көлемінде қаланың өсіп даму барысы жайлы оқушыларға жалпы түсінік беру. Танымдық сағат барысында Балқаш қаласының тарихы жайлы викториналық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін толықтырды. Туған өлкеміз Балқаш қаласының гүлденуіне қандай үлес қосатындарымен ой бөлісті.
Дата: 13.04.2022, 16:03 Автор: №5 ОМ