Размер шрифта:

Кітап –көңілдің кілті

Кітап –көңілдің кілті
2 сәуір- Халықаралық балалар кітабы мерекесіне орай 2 А сыныбының оқушылармен 1 сәуірде «Кітап –көңілдің кілті» тақырыбында әдеби – ойын өткізілді. Сынып жетекшісі Г.Тусупова кітапханамен тығыз байланыс жасап үнемі іс-шараларға белсене қатыстады.
Мақсаты: Кітап –сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
2 сәуір –Халықаралық балалар әдебиеті күніне орай ұйымдастырылып отыр. Халықаралық балаларға арналған кітап күні 1956 жылдан бастап жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай яғни сәуір айының 2-де атап өтіледі.
Кітап жинап ,түптеймін, жыртылмасын,
Мұқабасын бүкпеймін,қырқылмасын.
Таза болсын беттері, кірлемесін,
Көрген кісі кітабы кір демесін деп М.Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сіздерге білім көзі, рухани қазына.Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі - өнеге мен тәрбие аламыз. Оқыған – тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Батыр –бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек. Баланы жастайынан кітап оқуға баули отырып, кітап оқуға құштарлығын арттыру.Оқушылар өткізілген шараға белсене қатысып,көп ертегі оқығанын аңғаруға болады. Кеш соңында «Кітап –нәзік те,тұнық әлем» кітап көрмесімен таныстырылды. Кітап көрмесінен оқушылар өздеріне ұнаған ертегі кітаптарын алды.
Дата: 4.04.2022, 9:44 Автор: №5 ОМ