29.03. 2022 оқу жылында мектебімізде жоспар бойынша өткен №4 педагогикалық кеңестің ақпары

29.03. 2022 оқу жылында  мектебімізде  жоспар бойынша өткен №4 педагогикалық кеңестің ақпары
29.03. 2022 оқу жылында  мектебімізде  жоспар бойынша өткен
№4 педагогикалық кеңестің негізгі тақырыбы
«1-3 тоқсан қорытындысы бойынша оқу процесіндегі мектебімізде айқындалған проблемалар және оның шешу жолдары»
Педагогикалық кеңеске іскерлік дем беруде оның өткізу орнының әсері үлкен. Педкеңес өтетін аудитория күн тәртібіндегі мәселелерді айқындайтын  сұрақтар, ұсынылатын әдебиеттер, кестелер, графиктер, диаграммалармен жабдықталды. 
Негізгі қарастырылған үш бағыттағы яғни, 
2021-2022 оқу жылындағы І және ІІІ тоқсанындағы білім сапасының көрсеткішінің салыстырмалы талдауы; 
2021-2022 оқу жылының  І - ІІ тоқсаны бойынша   оқушыларымыздың  түрлі олимпиада жобалар көрсеткіштері
Оқушылардың тәрбие деңгейін  бағалау маниторингі жасалып
Осыдан туындаған 3 проблема:
1. Үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын арттыруда сындарлы оқытудың тиімді жолдарын қарастыру 
2. Жұмыс нәтижесін талдау  барысында  мектебіміздегі дарынды оқушыларды оқытумен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы кемшіліктерді анықтау және алдағы уақытта нәтиже деңгейін көтеру үшін жаңа технологияларды пайдаланып жүргізетін іс шараларды ұйымдастыру. 
3. Оқу пәндері мазмұнына құндылықтарды кіріктіру арқылы оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейту.
 
Педагогикалық кеңестеде мұғалімдер үш топқа бөлініп, (АЛҒЫР ОҚУШЫ, ДАРЫНДЫ БАЛА, ТӘРБИЕЛІ ТҰЛҒА) жоғарыда анықталған проблемалардың себеп салдарын, кедергілерін анықтап, оның шешу жолдарын топпен бірлесе отырып айқындады,  әр проблеманың шешімі шығарылды.
Педагогикалық кеңес төрағасының сөйлеушілерге қойылған талаптары толық ескеріліп, топта жұмыс барысында 
 топ мүшелері бір бірінің сөзін бөлмей, ықласпен тыңдап, өз пікірлерін ортаға сала отырып, ойларын мәселеге сәйкес нақты қысқа айтуға тырысты. Анықталған проблемаларды, фактілерді, мәліметтерге және педагогика, психология және т.с.с. ғылымдар тұжырымдамаларына сүйене отырып өздерінің көзқарастарын толық дәлелдеп шықты. 
Жұмыс барысында мектебіміздің психологы Ибраева А.С. мұғалімдердің жұмыс барысында эмоциялыққа түсіп кетпеуі үшін әр түрлі тренингтер ұйымдастырды. 
Жұмыс процесінде негізі мектебіміздің миссиясы «Жаһандануға, үздіксіз білім алуға бейім эмоционалды, физикалық және  рухани дамуды көздеген  тұлға  қалыптастыру» ескеріліп отырды.
Дата: 30.03.2022, 9:48 Автор: №5 ОМ