Қаржылық сауаттылық апталығы аясында «Елсіз арал» іскерлік ойыны өтті.

Қаржылық сауаттылық апталығы аясында «Елсіз арал» іскерлік ойыны өтті.
7 «А» сыныбында Қаржылық сауаттылық апталығы аясында «Елсіз арал» іскерлік ойыны өтті. Мақсаты: оқушыларды экономикалық мәдениетпен, қоғамның экономикалық даму заңдылықтарымен таныстырып, іскерлік және қаржылық сауаттылықтарын арттыруына үлкен септігін тигізу және оның маңыздылығына көздерін жеткізу.
Ойын барысында оқушылар күтпеген қиын жағдайға тап болып, тез арада осындай жағдайдан аман есен шығудың жолдарын қарастыра отырып, елсіз аралда өздерін негізгі қажеттіліктер: тұрғын үй, тамақ, киіммен, өндіріс құралдарымен қамтамасыз етуді ойластырып, әр оқушы өз идеяларын ашық ортаға салып, белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу қабілеттерін байқатты.
Экономикалық сана мен оған деген құштарлықты мектеп жасында қалыптасатыру, оқушыларды нарықтың заңдылықтарымен, кәсіпкерлік, бизнес сияқты ұғымдармен таныстыру – қазіргі заман талабы. Әрбір жас жеткіншек экономика заңдарын және оны түрлі құбылыстарын түсіне отырып, өз білімін тәжірбие жүзінде өмірде қолдана білуі тиіс.
Дата: 25.02.2022, 10:22 Автор: №5 ОМ