2 А сынып оқушыларымен «Құмырсқаның қанағаты» тақырыбында оқу сағатын өткізді.
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі, Тусупова Г.Ж. жоспар бойынша 2022 жылдың, 12- ақпан күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, 2 «А» сынып оқушыларымен «Құмырсқаның қанағаты» тақырыбында оқу сағатын өткізді.
Мақсаты: көркем әдебиетке деген оқушылардың қызығушылығын арттыру.Сөз құдыреті мен қуатын жанымен сезініп, еркін сөйлеп, өз ойларын анық жеткізуге үйрету. Оқу мәдениетін қалыптастыра отырып, еңбексүйгіштікке қанағатшыл болуға тәрбиелеу.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы жыл бойы кітап оқуға құмар оқушыларға септігін тигізіп келеді. Кітап оқу ой-өрістің кеңеюіне, жан-жақты дамуға, ойлау қабілетін жетілдіруге, шығармалардағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы жағымды тұстарын бойға сіңіруге көмектеседі.Адамды рухани байытады.

Дата: 15.02.2022, 15:44 Автор: №5 ОМ