Размер шрифта:

“Балалық шақтың түрлі-түсті әлемі” атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “ N 5 жалпы білім беретін мектебі” КММ-де “Құқықтық навигатор!” тақырыбындағы құқықтық сауаттылық апталығы өтуде. Осы орайда 4 “А” сыныбында, сынып жетекшісі Мадиева Л. ұйымдастыруымен “Балалық шақтың түрлі-түсті әлемі” атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. 
Мақсаты: мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылық және құқықтық мәдениетін арттыру. Сонымен қатар өскелең ұрпақтың адамгершілік-патриоттық, азаматтық жауапкершілік сезімдерін ояту, жас ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, балаларды жалпыазаматтық құндылықтарға және мәдениетке тарту, сондай-ақ балалардың сурет шығармашылығын дамытуға және көпшілікке насихаттауға ықпал ету.
 
Дата: 15.02.2022, 15:18 Автор: №5 ОМ