5 ақпан күні “Роботтар жарысы”, “Роботтың сызық бойымен қозғалысы” атты робототехника жарысын өткізді.
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Цифрлық әлем” ақпараттық сауаттылығын дамыту апталығына орай Куандыков Нургелды Суюндикулының ұйымдастыруымен 5 ақпан күні “Роботтар жарысы”, “Роботтың сызық бойымен қозғалысы” атты робототехника жарысын өткізді. Жарысқа 5”А” және 5”Ә” сынып оқушылары қатысты.
Жалпы мақсаты:
Робототехника үйірмесінде, информатика пәнінен алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робот техникасы, инженерлік дизайн және технология негіздерін өмірде және практикада қаншалықты қолдана алтындықтарын көрсету.
Оқу нәтижесі:
1.Оқушылар инженерлік, конструкторлық, шығармашылық қабілеттерін практикада қолдана алады.
2. Роботтарға программа құрып, тестілеуден өткізеді. Топ жұмысын роботтар жарысында көрсете алады.
Жарыс 4 кезеңнен тұрды. 1-кезең “Таныстыру”; 2-кезең “Тест” quizziz бағдарламасында; 3”Кім жылдам” - роботтардың сызық бойымен жүруі; 4-кезең “Сумо”-роботтар шайқасы және рефлексия “jamboard” тақтасында сабаққа кері байланыс жасады. Оқушылао барлық кезеңнен сүрінбей өтіп, сабаққа баға берді.
Дата: 7.02.2022, 11:55 Автор: №5 ОМ