«Бестік» диктантын өткізді.
«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің, 7 «А» сынып оқушыларымен «XXl ғасыр- сауатты ұрпақ ғасыры!» атты оқу сауаттылығы апталығына орай, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Имангалиева Жанылган Муратовна, Ы.Алтынсариннің «Білгеннің пайдасы» әңгімесі бойынша «Бестік» диктантын өткізді.
Мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін тәжірибеде пайдалана білу дағдыларын жетілдіру, жазу мәдениетіне баулу, оқу сауаттылықтарын арттыру.
Оқушылар «Бестік» диктантының ережесімен танысып, берілген мәтінді бірнеше рет оқып шығып, мазмұнымен танысты.Диктанттың ережесі бойынша, сөз – сөз тіркесі -сұрақ- жауап- сөйлем жазды. Диктант жазуда өз шығармашылықтарын танытып, берілген тапсырманы тыңғылықты орындаған оқушылар: Қанат Аиша, Қожахметова Арайлым, Кентай Ақнұр, Жұматай Ернұр, Асылбеков Ілияс , Далабай Марғұлан, Осман Абдулла, Рахат Аружан сияқты оқушыларды мақтанышпен атауға болады.
Тіл дамытуға арналған шығармашылық бағыттағы диктанттың бұл түрі оқушылар танымын белсенді етуде, қызығушылығын арттыруда, әсіресе әдеби тілін дамытуда, сауаттылыққа баулуда өте тиімді болып табылады.
Дата: 21.01.2022, 9:17 Автор: №5 ОМ