Директор сағаты
15.01.2022ж күні сағат 11.30-да zoom платформасында 1-11 сыныптардың ата-аналарымен, Қамқоршылық кеңесі ,әкелер кеңесінің төрағасы , мүшелерімен бірлескен ата- аналар жиналысы өткізілді.Жиналысқа 100 ата-ана қатысты.
Күн тәртібінде:
1.Үшінші оқу тоқсанының басталуы.
2. Балалардың қауіпсіздігі, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу(коменданттық сағатты бұзу, заңды өкілдердің еріп жүруінсіз кешкі уақытта болу) Касенова А.С.
Кәмелетке толмағандар арасында құықбұзушылықтың алдын алу бойынша кәмелетке толмағандар жоніндегі учаскелік инспекторы полиция аға лейтенанты Нұрбек Аян Алтайұлы
3.12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді вакцинациялау бойынша ата-аналар не білу керек? түсіндірме жұмысы.
Мектеп басшысы Абдуалиева Айна Тлеккабыловна І жарты жылдық бойынша оқу сапасы және үшінші тоқсанның басталуы бойынша ата-аналарға есеп беріп өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогы бала құқығы тренері Касенова А.С және Кәмелетке толмағандар арасында құықбұзушылықтың алдын алу бойынша кәмелетке толмағандар жоніндегі учаскелік инспекторы полиция аға лейтенанты Нұрбек Аян Алтайұлы «Балалардың қауіпсіздігі, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу(коменданттық сағатты бұзу, заңды өкілдердің еріп жүруінсіз кешкі уақытта болу)» тақырыбында ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ата-аналарға демалыс күндері және қысқы каникул кезіндегі балалардың қауіпсіздігі және кешкі уақыттағы көшеге шықпауы керектігі туралы айтып өтті.
3. 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді вакцинациялау бойынша ата-аналарға толық мағұлмат беріп өтті. Жиналыс соңында ата-аналар сұрақтарына жауап берілді.
Дата: 17.01.2022, 8:32 Автор: №5 ОМ