«Әлем таныған-Қазақстан» тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де қоғамдық гуманитарлық бірлестік пәндерінің онкүндігі аясында «Әлем таныған-Қазақстан» тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігін,Атамекен үшін, туған жер үшін, тәуелсіз ел болу үшін қаншама басынан өткен қиыншылықтарды дәріптеу , ата-бабаларымыздың арқасында тәуелсіздігімізді, егемендігімізді алып, 1991 жылы 16 желтоқсан күні Егеменді Қазақстан Республикасы болып жариялануын оқушылар бойына сіңіру мақсатында 03.12.21 күні 8 «А»сыныбында «Әлем таныған-Қазақстан» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылып өткізілді.Эссе барысында оқушылар Өз Отаны Қазақстанның баға жетпес құндылықтарын тілі,діні,салт-дәстүрлерін құрметтейтіндіктерін және 30 жылдағы Қазақстанның жетістіктері туралы өз ойларын еркін жеткізе білді.
Дата: 3.12.2021, 16:22 Автор: №5 ОМ