Мемлекеттік рәміздер- ұлт мақтанышы
22 қазан күні 5 «А» сыныбында Құқықтық жаппай оқытудың аясында оқытушылар арасында ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттау, дәріптеу және қолдану саласын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер бойынша «Мемлекеттік рәміздер- ұлт мақтанышы»атты мақсатты тақырыптық ақпараттық-түсіндіру сағаты өткізілді. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелей отырып, оқушыларға мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы екенін насихатталды.
Дата: 9.11.2021, 16:57 Автор: №5 ОМ