Директор сағаты
04.11.2021ж күні сағат 13.00-да zoom платформасында 1-11 сыныптардың ата-аналарымен, Қамқоршылық кеңесі ,әкелер кеңесінің төрағасы , мүшелерімен бірлескен ата- аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
1.І - тоқсан қорытындылары
а) Оқушылардың білім сапасы
2. «Бала қауіпсіздігі басты назарда» бала құқығы тренері Касенова А.С
3. Оқушылардың демалыс кезіндегі мінез-құлық ережесі мен техникалық қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықпен таныстыру ( күн суытқан уақыттағы мұздан және жол қауіпсіздігін сақтау. Қоғамдық орындардағы мәдени ескерткіштерді бүлдірмеу т.б) Шакижанова А.К
Мектеп директоры Абдуалиева Айна Тлеккабыловна жиналысты ашып,жиналысқа қатысушыларды күн тәртібі бойынша қаралатын мәселелермен таныстырып өтті.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Т.Д.Мұқаметжан 2021-2022 оқу жылының I тоқсанындағы білім сапасы бойынша толық талдап ,айтып өтті.
2.Мектептің әлеуметтік педагогы бала құқығы тренері Касенова А.С«Бала қауіпсіздігі басты назарда»тақырыбында ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қазіргі әлем, балалар үшін өте қауіпті екенідігі сондықтанда балаларды өзін-өзі қорғауға, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керектігі туралы айтып өтті. Қазіргі таңда «адам – адамға жау» заман болып тұр. Сондықтанда казіргі кезде балаларды кауіпсіздік шараларын алдын алуға дайындауымыз өте қажет деп өз сөзін аяқтады.
3. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.К.Шакижанова оқушылардың демалыс кезіндегі мінез-құлық ережесі мен техникалық қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықпен таныстырып күн суытқан уақыттағы мұздан және жол қауіпсіздігін сақтау,қоғамдық орындардағы мәдени ескерткіштерді бүлдірмеу жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқтала келе,ата-аналарға кеңес беріп өтті.
Жиналыс соңында ата-аналар сұрақтарына жауап берілді.