КЕЗЕКТІ ТҮНГІ РЕЙД
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы «№5 жалпыбілім беретін мектебі» КММ –нің мұғалімдерінен құралған әкелер кеңесінің төрағасы бірлескен, кезекті рейд жұмысын жүргізді. 03.11.2021жылы жүргізілген рейд құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушыларымыздың түнгі мезгілде жалғыз жүрмеуі, бөгде адамдармен қарым-қатынаста болмауы, беймезгіл уақытта жүрмеуі қатаң бақыланып, қаласының тұрғындарына, соның ішінде, білім ошағының ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шаралық рейдтің мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын ала отырып, келешегі кемел ұрпақ тәрбиелеуге атсалысу.
Дата: 5.11.2021, 10:40 Автор: №5 ОМ