Құқықтық сауаттылық – заман талабы

Құқықтық сауаттылық – заман талабы
9 «А» сыныбында, Құқықтық сауаттылық айлығына орай, «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата Заңымызға деген сүйіспеншілік сезім қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.
Кіріспе бөлімінде , атақты ғұлама Ж.Баласағұнның «Балам бол, басқа бол, бәріне- заң біреу» деген қанатты сөзімен басталып, оқушының құқықтары туралы мағлұматтар берілді. Құқық дегеніміз - мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі екендігі түсіндірілді.
Сынып сағаты пікірталас түрінде өткендіктен , оқушылар құқық туралы білетін ақпараттарын ортаға салды. ҚР Заңының негізгі баптарынан мысалдар келтіріп, өздерінің құқықтық сауаттылықтарын көрсете білді.
Дата: 2.11.2021, 13:23 Автор: №5 ОМ