«Мейірімді жүрек» атты іс –шараның ақпары
2021 жылдың 29 қазан мектебімізде қамқоршылар күніне орай «Мейірімді жүрек» атты іс – шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: баланы өз отбасына тәрбиелеуге арналған отбасыларына қамқоршы, қорғаншыларға алғыс білдіру, құттықтау, құрметтеу, жетім және қамқорлыққа алынған балалардың құқықтарын қорғау. Қамқоршы - түрлі себептермен ата - ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге алып, өздеріне үлкен жауапкершілікті артып жүрген адамдар. Бұл мереке соларға арналған мереке, оларға ризашылық білдіру, оларды қолдау мақсатында аталып өтелмек.
Қайрымдылық түбі–береке. Сондықтан да қамқоршыларымызды қолдау ретінде мектебімізде, бастауыш сынып мұғалімдері «Мейірімі мол – Жандар!», «Жүректен жүрекке» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізіп, қамқоршы сөзінің мән мағнасын түсіндіріп, қамқоршылар туралы мағлұмат берді. Қамқоршылар мен қамқорлықтағы оқушыларға сыйлықтар және алғыс хаттар берілді.