Размер шрифта:

«Жалынды жас, жарқын болашақ» бенефис –шоуы

«Жалынды жас, жарқын болашақ» бенефис –шоуы
«Жетістік формуласы» жобасы аясында А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында «Жалынды жас, жарқын болашақ» жас кәсіпкермен бенефис -шоуы ұйымдастырылды. Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы бастауымен жүзеге асып жатқан жоба мақсаты Қарағанды қаласы мен облысының табысты адамдарымен танысу арқылы балалардың жеке өмірлік мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыру.
Шара қонағы Тақабаев Мақсат кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері туралы айтып, ЖББ #5 мектеп оқушыларымен табыс құпиясымен бөлісті. Жас кәсіпкер сұрақтарға жауап бере отырып, табысты кәсіпкердің басты қасиеттері еңбекқорлық, өмір бойы білім алу мен өзін-өзі жетілдіру екенін атап өтті. Диалог алаңына келген Мақсат Ғалымжанұлы өзі жайлы, бизнеске қалай келгендігі туралы, өз кәсібінің қазір қандай деңгейде екенін жеткізді. Жас кәсіпкер жоба шарты бойынша ең қызықты, ерекше сұрақ үшін жоба қатысушысына өз атынан естелік сыйлық сыйлайды. Шара соңында қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөлісті.
Дата: 25.10.2021, 9:44 Автор: №5 ОМ