Размер шрифта:

Ата-аналар жиналысының ақпары

Ата-аналар  жиналысының  ақпары
15.10.2021ж күні сағат 16.30-да zoom платформасында 1-11 сыныптардың ата-аналар комитетінің төрайымдары және мүшелері, Қамқоршылық кеңесі ,әкелер кеңесінің төрағасы , мүшелерімен бірлес отырып, оқушылардың құқық бұзушылығын алдын алу, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін арттыру мақсатында “Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп пен отбасы – серіктестер» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың күн тәртібінде:
1. Кәмелетке толмағандар арасында құықбұзушылықтың алдын алу бойынша кәмелетке толмағандар жоніндегі учаскелік инспекторы полиция аға лейтенанты Нұрбек Аян Алтайұлы ақпарат беріп өтті.
2. Оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша мектепте жүргізілген жұмыстар туралы мектептің әлеуметтік педагогы Касенова Айнур Сериккажиевнаның ақпары тыңдалды.
3.«Шапағат»әкелер кеңесінің төрағасы Нұрдос Кәрім Маратұлы әкелер кеңесінің жұмысы туралы айтып өтті.
4.Мектептің кітапхана меңгерушісі К.Ш.Махашованың 2021-2022 оқу жылында оқушылардың оқулықпен қамтылғаны және оқулықтарға рейд жасалғаны туралы ақпары тыңдалды.
Жиналысқа барлығы 80 ата-ана ,мектеп әкімшілігі және Балқаш қалалық білім бөлімінің бас маманы Мухаметжанова Жайнагүл Саденовна қатысты.
Жиналыс соңында ата-аналардың сұрақтары тыңдалып, жауап берілді.
Дата: 18.10.2021, 9:41 Автор: №5 ОМ