Адамның рухани байлығы тақырыбында танымдық сағаты өтті.
15.10.2021. ж. Балқаш қаласы №5 ЖББ мектебінің 9 «А» сыныбында, Рухани-танымдық тәрбие бағытына байланысты, «Рухани қазына» кіші бағдарламасы. Адамның рухани байлығы тақырыбында танымдық сағаты өтті.
Мақсаты: Адамның рухани байлығы мен мәдени құндылықтары туралы түсінік қалыптастыру, адамдық қасиеттерді игеруге ықпал ету, рухани байлықты бағалай білуге үйрету.
Тәрбиелік мәні: Жасөспірімдердің ой- санасын оята отырып, асыл қасиеттерді, рухани құндылықтарды білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық : Оқушылардың логикалық ойлауын, рухани жан дүниесін жетілдіру.
Танымдық сағатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы, «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы айтылды. Рухани байлық дегеніміз- өмірдің ақиқатына жетуге ұмтылу, әрекет ету, адами болмысыңды тану, мақсат қою, деп түсіндірілді.
Сынып оқушылары топтарға бөлініп, «Адамның рухани байлығы» тақырыбында постерлер жасады.
Рухани байлықтан айырылып қалмау үшін не істеуіміз керек? деген сұрақтардың төңірегінде ой бөлісті. Танымдық сағатында, оқушылар белсенділік танытып, қызығушылықтарын көрсете білді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қоғамды шоғырландыруға, зиялы қауым мен жастарды, Елбасы жариялаған жарқын идеяның айналасына біріктіруге мүмкіндік береді. Бағдарламаның барлық бағыттарын іске асыру, жастардың белсенді түрде атсалысуымен жүзеге асады,- деп ойлаймын.
Дата: 18.10.2021, 9:34 Автор: №5 ОМ