Даярлық сыныптарының тәрбиеленушілерімен «Týǵan ólkem tuǵyrym» тарихи өлкетану апталығы өтті.
Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 04-08 қазан аралығында Балқаш қаласы білім бөлімінің №5 Жалпы білім беретін мектебі» КММ даярлық сыныптарының тәрбиеленушілерімен «Týǵan ólkem tuǵyrym» тарихи өлкетану апталығы өтті. Мақсаты: тәрбиеленушілерге туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу. Бұл апталыққа 0 «А» және 0 «Ә» сыныптары белсене қатысып, көптеген іс шаралар аталып өтілді. Жоспар бойынша 0 «Ә» сыныбында «Қазақстанның қызыл кітабы» тақырыбында ұйымдастырылған оқу іс әрекеті, «Ж. Жабаевтың 175 жылдығына арналған » мәнерлер оқу сайысы, 0 «А» және 0 «Ә» сыныптары арасында Квест ойындары, « Табиғи қазба байлықтарды зерттеу» тақырыбында ұйымдастырылған оқу іс әрекеттері өтті. Әр тәрбиеленушілерге тәтті сыйлықтар таратылды . Апталыққа белсене қатысқан тәрбиеленушілерге қашанда өз Отанын қорғап сүюге, Туған өлкенің табиғатын қорғап қастерлеу түсіндірілді.
Дата: 9.10.2021, 10:08 Автор: №5 ОМ