Ұстазым менің, ұстазым

Ұстазым менің, ұстазым

Жыл сайын 100-ден астам мемлекетте 1994 жылдан бері қалыптасқан Дүниежүзілік мұғалімдер күні атап өтіледі. Бұл барлық мұғалімдердің, оқытушылар мен жалпы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. «Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Мерекеге орай «Ұстазым- үлгі –өнеге, ұлағатым» атты мерекелік шара болды. Мектебіміздің директоры А.Т. Абдуалиева мектеп ұстаздарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, білім саласын дамытуға қосқан мол үлесі мен педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, біліктілік танытқаны үшін қалалық білім бөлімінің құрмет грамотас табыстады. Әр сыныптың оқушылары ұстаздарын құттықтап видео құттықтаулар жолдады.

Дата: 4.10.2021, 11:58 Автор: №5 ОМ