25.09.21ж сағат 10.00-де 1-4 сыныптардың,сағат 11.30-да 5-11 сыныптардың ата-аналарымен зум платформасында ата-аналар жиналысы өткізілді.

25.09.21ж  сағат 10.00-де  1-4 сыныптардың,сағат 11.30-да  5-11 сыныптардың  ата-аналарымен  зум платформасында  ата-аналар  жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
1.Бала қауіпсіздігі басты назарда. (тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Шакижанова А.К)
2.Мектеп айдап салуы немесе Буллинг. Кибербулинг. Балаларға қалай көмектесуге болады. (мектеп психологы Ибраева Айгерим Саттыгуловна) 3.Электронды Күнделік. Компьютердің, ұялы телефонның зияны (Мұқаметжан Т.Д.)
4.Әр түрлі мәселелер
Мектеп директоры Абдуалиева Айна Тлеккабыловна жиналысты ашып,жиналысқа қатысушыларды күн тәртібі бойынша қаралатын мәселелермен таныстырып өтті.Мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.К.Шакижанова балалар қауіпсіздігі мәселесінің маңызы зор екендігін айта отырып, ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керектігін түсіндіріп өтті. Осы орайда 2021-2022 оқу жылының басында мектептің бірінші қабатында арнайы турникеттер орнатылып бөгде тұлғалардың білім ордасының аумағына еркін енуіне тосқауыл қойылғандығы туралы айта келе,бұл жұмыстар мектептегі тәртіпті нығайып, білім үлгерімінің артуына оң әсерін тигізуде.1-11 сыныптың сынып сағаттарында жолда жүру ережесі және өрттен,судан т.б қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылғандығы туралы хабардар етті.Мектеп психологы Ибраева Айгерим Саттыгуловна мектепте буллинг мәселесі бойынша ата-аналарға түсіндірме жұмысын жүргізді.
Мектептің ақпарттық істер жөніндегі орынбасары Мұқаметжан Т.Д Электронды Күнделік. Компьютердің, ұялы телефонның зияны туралы көптеген мағұлматтар беріп өтті.
Жиналыс соңында ата-аналар мектеп басшысына бірнеше сұрақтар қойып тиісті жауаптарын алды.
Дата: 4.10.2021, 11:36 Автор: №5 ОМ