Еңбек күні мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шаралар
Қазақстанда қыркүйек айының ең соңғы жексенбісінде аталып өтетін еңбек күніне орай ЖББ №5 орта мектебінің 9 А« сыныбында Иманғалиева Жаңылған Мұратқызы «Еңбек адамды,гүл жерді көріктендіреді» тақырыбында , 8-сынып оқушылары арасында Адамбаева Бақытгуль Тарибаевнаның ұйымдастыруымен ,, Адал еңбек жаныңды нұрландырады", тақырыбына эссе жазудан сайыс өтті. Оқушылар болашақта еңбектің маңыздылығын ауыл, қала, мектеп өмірімен, армандарымен, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтармен байланыстыра әсерлі жеткізуге тырысты. Ең үздік эссе жазған оқушылар марапатталды. Адамды адам ететін адал еңбектің құндылығы ешқашан жоғалмайды.
Дата: 28.09.2021, 18:30 Автор: №5 ОМ