Размер шрифта:

Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі.

Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі.

Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Ол көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен қол ұшын беру болып табылады. Бүгінде сондай игі істер, түрлі акциялар мен жобаларды қолдап, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандардың саны жылдан-жылға артып келеді. Солардың бірі «Ана -мама»қоғамдық қоры көптеген қайырымды іс-шараларды жүзеге асыруда. Осы орайда Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-дегі көп балалы отбасында тәрбиеленіп жатқан 10 оқушыға Қарағанды қаласындағы «Ана-мама»қоғамдық қорының ұйымдастырушылары оқу құралдары салынған 10 дана мектеп сөмкесін табыстап оқушыларға қуаныш сыйлады.Балқаш қаласындағы «Ана-мама»қорының филиалының ұйымдастырушылары 2 оқушыға 36.000теңге көлемінде мектеп формасы және спорттық киімдер алып берді. «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ әкімшілігі осындай игі істердің ұйымдастырушылары «Ана-мама»қоғамдық қорының бастығы Абдрахманов Ержан Беркелұлына және осы қорда жұмыс жасап отырған еріктілер Қуатбекова Жадыра Жанатқызы, Түсіпов Марат Қанатұлы, Азимханова Толкын Серикбековна,Шапетова Бархыт Космановналарға алғыс білдіреміз.

Дата: 21.09.2021, 15:46 Автор: №5 ОМ