Тәуелсіздіктің 30 жалдығы аясында отбасы күніне орай ұйымдастырылған «Толағай» отбасылық жарыстың ақпары
ЖББ№5 мектебінде 11 қыркүйек күні сағат 10.00-де Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында отбасы күніне орай бастауыш сыныптар арасында ата-аналар мен балалары арасындағы қарым-қатынасты нығайту,ата –ананың баланың мектептегі өміріне белсенді қатысуына ықпал ету мақсатында «Толағай» отбасылық жарысы ұйымдастырылып өткізілді.Спорттық сайысты мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдері өте жоғары деңгейде ұйымдастырды.Сайысқа үш топ «Тұлпар», «Бүркіт», «Қыран» тобы қатысты.
Спорттық сайыс 8 турдан тұрды.Ата-аналар осы 8 турғада өте белсенді түрде қатысып,өз өнерлерін көрсете білді.
Сайыс қорытындысында І орынды 2 «А »сыныптың «Қыран» тобы Өмірғалы Еркебұлан, ІІ орынды 2 «Ә »сыныптың «Тұлпар» тобы Талғат Әлем, ІІІ орынды 2 «Б» сыныптың «Бүркіт» тобы Алдаберген Бекнар иеленіп, мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталды.
Дата: 20.09.2021, 9:16 Автор: №5 ОМ