Тілдер күніне байланысты өткізілген іс-шаралар ақпары

Тілдер күніне байланысты  өткізілген  іс-шаралар  ақпары

03.09.2021 күні 9-сынып оқушыларымен бүгінгі тұтас буынның төл басы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан ұлыларымыз салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, тілші, әдебиет зерттеушісі, түріктанушы, дарынды ақын, аудармашы, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновқа арналған « Жас Ахметтанушылар» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адамбаева .Б.Т танымдық кеш өткізілді. Оқушылар А. Байтұрсыновтың өмірі және еңбек жолына тоқталып, шығармаларының қазіргі жастарға берер үлгі-өнегесін ортаға салды. “Маса” кітабына енген өлеңдері мен аудармалары оқылды. «Мойындағы борышты білу — білім ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі» деп Ахмет атамыздың өзі айтқандай ұлыларды ұлықтау – болашақ жастардың борышы.

Дата: 10.09.2021, 17:09 Автор: №5 ОМ