Размер шрифта:

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ 01.09.2021 күнгі өткізілген іс-шаралар ақпары

Қарағанды  облысы  білім  басқармасының Балқаш  қаласы білім  бөлімінің «№5 жалпы білім  беретін мектебі»КММ 01.09.2021 күнгі  өткізілген іс-шаралар ақпары
«№5 жалпы білім  беретін мектебі»КММ-де1.09.2021ж  күні  сағат  9.00-де Алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!» салтанатты жиыны  мектеп  ауласында 1-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылды және «Әліппе» алғашқы оқулығы салтанатты түрде табыс етілді. Салтанатты сап  жиынды  мектеп  басшысы  Абдуалиева Айна Тлеккабыловна ата-аналарды ,ұстаздарды  және мектеп  табалдырығын  жаңа  аттағалы  тұрған  бүлдіршіндерді  жаңа  оқу  жылының  басталуымен  құттықтады.Биылғы жаңа оқу жылының    ерекшелігі - мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің қадамы еліміздің 30 жылдық торқалы тойына тұспа - тұс келіп отырғандығын  айтып  өтті. 
Іс-шараға бірінші сынып оқушылары ата-аналары қатыстырылды. санитарлық  талаптарға  сәйкес шаралар толық  орындалды.Мектеп  ауласына  Балқаш қаласы ПБ  ЖПҚБ  УПИ полиция аға лейтенанты  Секебаев Жасұлан Бахытович және  мұғалімдерден  құрылған  кезекшілік қойылды. Мектеп  ауласына  мерекелік  безендірулер  жасалынды.
2021-2022 оқу жылының алғашқы қоңырауын  мектебіміздің табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1 А сынып  оқушысы      Рахым   Ақнұр     мен мектебіміздің Жас түлегі Қуанышұлы  Берікбол   соқты.
2-11-сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында     ашық сабақтар өткізілді.
Дата: 1.09.2021, 16:55 Автор: №5 ОМ