1-11 сыныптың ата-аналарымен өткізілген басшы сағаты ақпары
13.08.2021 күні сағат 16.00-де ZOOM платформасында 1-11 сыныптың ата-аналарымен директор сағаты өткізілді.
Күн тәртібінде:
1.2021-2022 оқу жылының басталуы туралы
2.Тамақтану туралы
3.Мектеп формасына қойылатын талаптар
4.Әр түрлі мәселелер
Мектеп басшысы ата-аналарды жаңа 2021-2022 оқу жылының басталуымен құттықтап,өткен оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға тоқталды.«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»: Әдістемелік нұсқау хатымен таныстыра отырып, 2021 - 2022оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдерімен таныстырып өтті.Мектеп жаңа оқу жылына толық дайын екендігін ата-аналарға хабардар етті.
Мектептің әлеуметтік педагогы Касенова А.С 2021-2022 оқу жылында 5-11 сыныптың оқушылары асханада төлем карточкамен болатындығы және оқушылар Каспий банкінен карточка ашқызулары керектігін айтты. Сабаққа келгенде барлық оқушыларда 100 пайыз толық ашылуы қажеттігі туралы түсіндіріп өтті.
Биылғы мектеп формасы біріңғай қаракөк түсті екендігі туралы айтылды.
мектеп формасы барлық жағдайларды ескере отырып, біз оқушыларға мектепке тек мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар классикалық стильдегі киімде келуге болатындығы туралы ескертілді.Ата-аналар тарапынан біріңғай мектеп формасына келісетіндігі туралы өз ойларын білдірді.
Жиналыс соңында ата-аналар мектеп басшысына бірнеше сұрақтар қойып тиісті жауаптарын алды.
Дата: 27.08.2021, 10:35 Автор: №5 ОМ