Мектеп бітірушілерге аттестат тапсыру салтанатты жиыны ақпары

Мектеп бітірушілерге  аттестат тапсыру  салтанатты  жиыны  ақпары

14.06.2021 күні сағат 10.00-де мектеп бітірушілерге аттестат тапсыру салтанатты жиыны өткізілді. 2020-2021 оқу жылының мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру шарасы «Тәуелсіздік ұландары» тақырыбында ұйымдастырылды. Салтанатты жиын Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында мектеп бітіріп отырған түлектерді мектеп директоры Абдуалиева Айна Тлеккабыловнаның құттықтауымен басталды. Салтанатты іс-шарасы ашық ауада, қатысушылардың шектеулі санымен өткізілді.Санитарлық талаптар сақталынды. Мектеп бітіруші 17 түлекке аттестат тапсырылды.Сынып оқушыларының ата-аналары қатыстырылған жоқ. Мектеп ауласында түлектермен естелік суретке түсіріліп,оқушылар үйлеріне қайтарылды. Оқушыларға мерекелік үстелдерді ұйымдастыру автомобильдерді прокатқа тарта отырып, қала бойынша көшпелі экскурсиялар өткізу мейрамханаларда, кафелерде және басқа да ойын-сауық мекемелерінде бітіру іс-шараларын өткізуге тыйым салынатындығы туралы ескертілді.

Дата: 14.06.2021, 14:41 Автор: №5 ОМ