8 «А» сынып оқушылары арасында, Ж.М. Имангалиеваның ұйымдастыруымен «Үздік-штурман» ойыны өтті.
Мақсаты:
Тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа жетелеу, ой - өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Оқушыларды жан – жақты сауатты, дарынды, озық болуға тәрбиелеу, оқу – білімге қызығушылығын арттыру.
Оқушыларды өз елінің сауатты , салауатты азаматы етіп тәрбиелеу.
Ойынға алты оқушы қатысты, ойын 3 кезеңде өтті. 1 – кезең, «Бәйге» сайысында оқушылар логикалық сұрақтарға жылдамдықпен, тапқырлықпен жауап берді. 2 -кезең , «Тапқырлық» сайысында әр түрлі суреттерге қатысты жасырылған сөзді тапты, 3-кезең , 7 сұрақ, бейне сұрақтарды тауып, жауаптарымен салыстырды.
Ойын соңында Мұрат Сұлтан мен Жұмағали Мерұлан алға озып шықты. Қорытынды кезеңде, «Қазақстанның бүгіні мен ертеңі» , «Мектебіміздің бүгіні мен ертеңі» тақырыбында шешендікпен әңгіме құрастыру тапсырмасын сәтті орындап, Жұмағали Мерұлан «Үздік штурман» атағын алып, жеңіске жетті. Қатысқан оқушыларға шығармашылық табыстар тілейміз!
#ҚРБҒММОНР# @karagandyoblysybilimbaskarmasy
@goroo_balkhash @kopd_mon_rk# #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНР# @karagandyoblysybilimbaskarmasy
@goroo_balkhash @kopd_mon_rk# #RUMCDOMONRK
Дата: 14.06.2021, 13:58 Автор: №5 ОМ