«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты іс-шараның ақпары

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты іс-шараның  ақпары

2021 жылдың 1-12 маусым аралығында республика көлемінде «Қазақстан балалары –нұрлы болашақ» республикасы шеңберінде «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқанның жоспары бекітіліп, мектебімізде 1 маусым күні балаларды қорғау күніне арналған концерттік бағдарлама өткізілді.

 Акция аясында аз қамтылған отбасынан шыққан және қамқорлықтағы 12 оқушыға сыйлықтар таратылып, балалар қуанып қалды. Балқаш қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Алем синема» кино театрына билеттер және тәтті сыйлықтар таратылып, балалар бір қуанып қайтты.

  «Біз бақытты балалық шақ үшін!» асфальтқа сурет салу  конкурсы ұйымдастырылып, шара соңы «Бақытты балалық шақ»  атты  ұранмен  флеш-мобпен аяқталды. Әлеуметтік педагог А.С.Касенова   «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқанның  мақсаттың балаларға айтып, «Бала еңбегінің ең ауыр түрлері, адам саудасы сияқты түрлері, олардың денсаулығына зияны мен қоғамға әсері» туралы мәселелерге толықтай түсініктер беріп өтті.

Дата: 1.06.2021, 15:05 Автор: №5 ОМ