Инстаграм желісі арқылы құқық бұзушылықтың алдын-алу мен жазғы уақыттағы қауіпсіздікті ұйымдастырылуы барысында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Инстаграм желісі арқылы құқық бұзушылықтың алдын-алу мен жазғы уақыттағы қауіпсіздікті  ұйымдастырылуы барысында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шакижанова Алма Конысбаевна жазғы мектептің ұйымдастырылуы мен оның жұмыс істеу барысы туралы мәлімет беруден бастады. Мектеп медбикесі Жазибекова Саягул пандемия кезіндегі сақтық шараларын айтып, оны қатаң түрде орындау керек екендігін ескертті. «Жазғы уақыттағы судағы және су жағалауындағы қауіпсіздік» туралы Балқаш қаласы құтқару бөлімінің құтқарушы медбикесі Абжанова Багдат Сатбекқызы айтып өтті. «Жасөспірімдерге де заң бар» құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының полиция капитаны Кобелдесова Сая Талғатқызы маңызды ақпараттар беріп, балалардың қауіпсіздігі үшін барлық ережелер мен шарттарды естен шығармай, үнемі балаларға айтып отыру керектігін ескертті.
Ата-аналар тарапынан қонақтарға сұрақтар қойылды. Сұрақтарға толық қанды жауап алып, алғыстарын білдірді.
Дата: 11.05.2021, 11:15 Автор: №5 ОМ