1 –Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні
Мақсаты: Оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар елімізде тұратын 130 дан астам ұлттар мен танысып, бір шаңырақтың астында тату- тәтті тұрудың сыры, неде екенінен мәлімет алып , өз білгендері мен бөлісті. пікір алмасып өз ойларын ортаға салды жәнеде белсенділік танытты.
Дата: 27.04.2021, 9:40 Автор: №5 ОМ