«Біз бір халықпыз – бір елміз » интеллектуалды ойын
Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық. Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Қазақстан халқы бірлігі күніне орай 7 А сыныбында Зум платформасында «Біз бір халықпыз – бір елміз » интеллектуалды ойын өтті. Мақсаты: Оқушыларға Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Сынып жетекші оқушыларға әртүрлі, қызықты тапсырмалар дайындады.Барлық оқушылар өз ойларын айтып, белсенді қатысып отырды. Іс-шара болашақта өз елдеріне қалай қызмет ететіндері жөнінде айтып өтті.
Дата: 26.04.2021, 15:52 Автор: №5 ОМ