Размер шрифта:

Еңбек – елдің мұраты

Еңбек – елдің мұраты
Елбасы өз мақаласында біздің әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті және күшті жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға бағытталуы тиіс екендігін және еңбек қана елдің әлеуметтік әл ауқатын көтеретіндігін айтты.
19 сәуір күні Зум платформасында 5 «Б» сыныбында «Еңбек – елдің мұраты» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатында «Еңбек»,» Еңбексүйгіштік» деген сөздердің терең мағынасын ашып, еңбек жөнінде айтылған ұлағатты сөздерге тоқталдық. Оқушылар ұлағатты сөздерді талдап, өз ойларын жеткізді. Бәсекеге қабілетті маман иесі болу үшін адамға қандай қасиеттер керек екенін айтып, түсіндірді. Өздерінің болашақ мамандықтары жөнінде әңгімелеп, нағыз маман иесі болу үшін не істеу керек екендігі жөнінде бір-біріне сұрақтар қойып, талқылады.
Еңбек адамның денесін шынықтырып, мінез-құлқын қалыптастырады. Еңбек ету адам баласынан тапсырылған іске деген табандылық пен ынта-жігерді, құндылықты, тындырымдылық пен жауапкершілікті талап етеді. Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам ғана өмірде құрметке бөленетіндігін түсіндік деп ойлаймын. Қоыта айтқанда адам тек еңбектің арқасында жетіліп дами бермек.
Дата: 22.04.2021, 13:57 Автор: №5 ОМ