Размер шрифта:

«Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан – жүрегім» тақырыбында сынып сағаты өтті

 «Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан – жүрегім» тақырыбында сынып сағаты өтті
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-дегі 4 «Ә» сынып оқушыларына «Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан – жүрегім» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты:
Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту.
Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Дата: 16.04.2021, 14:11 Автор: №5 ОМ