Облыстық «Өнегелі өмір» жобасы аясында ұйымдастырылған «Табысты кәсіпкер болу үшін не істеу керек?» атты кездесу ақпары
Қарағанды облысы білім беру ұйымдарында «Өнегелі өмір» атты жетістік пен табысқа жеткен адамдармен кездесу жобасы оқу-тәрбие үдерісіне енгізілді.
Жобаға басқа аймақтарда жүрсе де туған жерлеріне қызмет етіп жүрген зиялы қауым өкілдері, педагогикалық еңбек ардагерлері, ақындар, жазушылар, өнер қайраткерлері, кәсіпкерлер қатыстырылады.Осы орайда 12.04.2021 күні ZOOM платформасында Есенгелді Жібектің ұйымдастыруымен 9 сынып оқушылары Балқаш қаласындағы табысты кәсіпкер «Әлия» ательесінің басшысы Бақытгүл Хасиханқызымен кездесу ұйымдастырылып өткізілді.
Кездесу барысында "Әлия" атты ательесінің басшысы, өзінің 2013 жылдан бастап ашылып, бірнеше жұмыскерлер алып, Қазақстанның қала, аудан, ауылдарынан тапсырыстар алып, іскерлік шеберліктерін дамытып, айналысып табыс табып жатқандары туралы әңгімеледі. Сонымен қатар 2015 жылы " Лучший товара Казахстан" байқауының бас жүлдегері болып, Пакестан елінде өтетін халықаралық форумға жолдама алғанын тілге тиек етті. ҚР ҰКП Атамекен кәсіпкер палатасының ұйымдастыруымен өткен жобаға қатысып, қайтарымсыз 3млн грант иесі болып, кәсіпкерлік саласына, қажетті құралдар алып үлкейткен. Балалар сұрақтарын қойып, қызығушылық танытып, белсене қатысты.