“Жас эрудит” атты онлайн форматта зияткерлік ойын өтті
“Ғылым, техника, табиғат” атты жаратылыстану-ғылыми сауаттылық апталығының аясында, 12-ші сәуір күні, 5 “Ә” сыныбының қатысуымен “Жас эрудит” атты онлайн форматта зияткерлік ойын өтті.
Сынып жетекшісі: Какенова А. Т.
Бұл іс-шараның басты мақсаты: ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды озық ойлы оқушылардың дарынын ашу, зеректік қабілетін дамыту; өз ойын дәл, тез, жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру болды.
Оқушылар интеллектуалды ойынға өте белсенді қатысты. Токшыманов Алан, Асылбекова Алина, Абильдаева Айдана есімді оқушылар бірнеше сұрақтарға дұрыс жауап беріп, белсенділік танытты.
Дата: 13.04.2021, 9:13 Автор: №5 ОМ