"Жан қазынасы - адамгершілік негізі" дөңгелек үстел
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере лтырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
29-наурыз күні Зум платформасында 5 Б сыныбында "Жан қазынасы - адамгершілік негізі"атты дөңгелек үстел өтті.Мақсаты: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету; Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту; Дөңгелек үстелді сынып жетекші А.С.Жаксыбекова ұйымдастырды.Оқушылармен әдептілік, әдеп жөнінде әңгіме жүргізілді.Оқушылар өз ойларын айтып, «Не істеуге болмайды?», «Не істеу керек?» деген сұрақтарға жауап берді. Тәрбиелік мәні бар әңгімелер айтып, бір-бірімен пікірталас болды.
Дата: 2.04.2021, 8:28 Автор: №5 ОМ