Құттықтаймыз!!!
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ –нің 8 «А» сынып оқушылары, Қалалық «Балқаш өңірі» қоғамдық-саяси газетінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында , 8 наурыз -Халықаралық Әйелдер күні қарсаңында балқаштық мектеп оқушылары арасында ұйымдастырған «Аналар- асыл жандар» бейне байқауына Кенесбай Ақбота, Мұрат Сұлтан, Жұматай Адамбек қатысып, алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.
Қатысушы оқушыларымыз М.Мақатаевтың, Ф. Оңғарысынованың, Т.Айбергеновтің ана туралы өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, бейнеролик түсіріп, газеттің әлеуметтік парақшасына жүктеді, пікір жазылды, оқырмандар тамашалады, бағалады. Мектебіміздің дарынды шәкірттері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына , аналар мерекесіне өз тартуларын жасап, үлестерін қоса білді. Оқушыларға шығармашылық табыстар тілеп, алар асулары мол болсын деп тілек білдіреміз!
Дата: 13.03.2021, 10:18 Автор: №5 ОМ