“Мен жақсы оқырманмын” атты шығармашылық шеберхана өткізді

“Мен жақсы оқырманмын”  атты шығармашылық шеберхана өткізді
01.03.2021. күні, Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8 «А» сыныбының сынып жетекшісі Ж.М. Имангалиеваның ұйымдастыруымен, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі пәндерінің «Оқу сауаттылығы» апталығы аясында, “Мен жақсы оқырманмын” атты шығармашылық шеберхана өткізді. Мақсаты: Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілуін ұғындыру,оқулықты құрметтай білуге ұқыптылыққа, адамгершілікке баулу, зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыту.
Шығармашылық шеберхананың кіріспе бөлімінде , кітаптың өмірдегі орны, басты құндылықтары туралы презентациямен таныстырылды.
Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында қолданады. Одан ақыл – кеңес, тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге алады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз.
«Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған. Кітап – ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап – ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап – ақылдың кені. Кітап – бар білімнің, бар ғылымның бастауы деген қанатты сөздерді оқып, мағынасын түсіндірілді. Оқушылардың кітап оқуға қызығушылықтарын тексеру мақсатында, сұрақтар қойылды. Соңғы оқыған кітабың қандай? Кімнің шығармаларын оқып жатырсыңдар ? т.б сұрақтар төңірегінде әңгіме қозғалды. Оқушылардың көпшілігі Абайдың қара сөздерін, М.Әуезовтің «Абай жолы» романын , М.Мақатевтың өлеңдерін оқтиындарын айтты.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбай ұлы өз білімін өз бетімен ізденуінің, кітапты көп оқуының арқасында жетілдіреді әрі бірнеше тілді меңгереді, алдыңғы қатарлы ойшылдардың еңбектерімен танысады. Ұлы ақын, ойшыл дәрежесіне дейін көтеріліп, бүкіл әлемге танылады.
Кітапта алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін,-деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар – сендерге білім көзі, рухани қазына. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білім мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек, деп қорытынды жасалды.
Дата: 2.03.2021, 9:23 Автор: №5 ОМ