Мектебіміздің оқушысы қалалық "Жас қанат" байқауынан 2 орын иеленді
Балқаш қаласы бойынша, ерекше танымалдыққа ие, айтулы музыкалық «Жас қанат» байқауы ұйымдастырылды. Байқау Мағауия Хамзин атындағы мәдениет сарайының киелі сахнасында ақпан айының 15 күні болып өтті. Талант тау басында да талант, тас астында да талант. Дегенмен, сол еректі елеу, дараны демеу деген тағы бар. Ол болмаса, өнерпаз өрге баспайды, асудан аспайды демекші мектебіміздің 9 «А» сынып оқушысы Нурылдаев Нұрсұлтан осы байқауға қатысып, көптің ішінен топ жарып, екінші орынға ие болды. Жетекшісі: Боранова А.Х
Дата: 19.02.2021, 8:35 Автор: №5 ОМ