Математикалық сауаттылық күніне арналған сынып сағаты "сандар күні"

Математикалық сауаттылық күніне арналған сынып сағаты
Математикалық сауаттылық аптасынына байланысты 7 А сыныбында Зум платформасында «сандар күні» атты сынып сағаты өтті. Сынып жетекші сынып сағатында сандар жөнінде қызықты ақпараттар айтты. Сандардың адам өмірінде қандай рөл алатыны жөнінде түсіндірді. Сонымен қатар қазақ халқының киелі сандары жайлы көптеген ақпараттар айтылды. «Сандар сөйлейді» деген ойын ойнап, оқушылар өздері жайлы қызықты да пайдалы ақпарат алды.
Қазіргі таңда өз туған елінің тарихи жадын жаңғыртып, жағымсызынан қашып, жақсысын жалғастырып, білімін дамыта алмаған елдердің тығырыққа тірелері айқын. Демек, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ. Қазіргі кезде білімнің көбісі математика ғылымымен байланысты болып тұр. Оқушылар математика ілімін дамытатын болса, болашағымыздан көп үміт артуға болады деп сенемін.
Дата: 29.01.2021, 8:19 Автор: №5 ОМ